Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ басшыларына қатысты 25 іс қозғалды

видео кадры

Жыл басынан бері қылмыстық құрылымдардың көшбасшылары мен қатысушыларына қатысты 25 қылмыстық іс, оның ішінде трансұлттық сипаттағы белгілері бар ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша төрт іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық қоғамдастық құрудың бір дерегі анықталған. Сондай-ақ бірінші рет трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Аталған істер бойынша қылмыстық қудалау орбитасында тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған криминалитет өкілдері бар.

Реклама
Реклама

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі және Бас прокуратурамен бірлесіп, мемлекетаралық деңгейде дәлелдемелік базаны жинау бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Барлығы 100-ден астам адам жауапкершілікке тартылуда. Бандитизмге қарсы күрес ІІМ-нің ерекше бақылауында", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама