07 мамыр 2021 | 10:33

Қазақстанда вакцина салдыру мерзімі туралы қаулыға өзгерістер енді

Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов вакциналау мерзімі туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов вакциналау мерзімі туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатта Қазақстанда вакцинация 45 күн аралықта екі кезеңде жүргізілетіні жазылған. 

"Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: 0,5 миллилитр дозада I компонентпен, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде 45 күннен кейін - 0,5 миллилитр дозада II компонентпен; бұл ретте кейбір жағдайларда егілушілердің өтінішінің негізінде 21 күннен 90 күн кезеңінде "Гам-КОВИД-Вак" вакцинасымен ІІ компонентпен вакцинациялау жүргізуге жол беріледі;", - делінген қаулыда.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Қазақстанда "Спутник V" екінші компонентін егі мерзімі ұзартылған болатын. Бас санитария дәрігердің қаулысына сәйкес, екі дозаның арасы 45 күнге дейін ұлғайтылды (бұрын 21 күн болған), ал жалпы "Спутник V" екінші компонентін 90 күн ішінде салдыруға рұқсат берілді.

Кейін Цой вакцинаның екінші компонентін салдыру мерзімі неге өзгергенін түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная