02 шілде 2021 | 12:58

Қазақстанда вакцинация паспортының жаңа нұсқасы ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді. Онда электрон "вакцинация паспортының" жаңа нұсқасы ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді. Онда электрон "вакцинация паспортының" жаңа нұсқасы ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп eGov mobile мобильдік қосымшасының "цифрлық құжаттар" сервисінде электрон "вакцинация паспортының" жаңа нұсқасын ұсынды.

Вакцинацияның барлық кезеңінен өткеннен кейін тұрғындарға 3 тілде қолжетімді электрон құжат беріледі.

Реклама
Реклама

"Электрон құжаттың жаңа нұсқасында туған күні, төлқұжат нөмірі, QR-код сияқты жаңа деректер қосылды. Құжат иесі QR-кодты ұсына алады, бұл құжаттың заңдылығын тексеруге көмектеседі. Кодты сканерлеу кезінде пациенттің вакцинациядан өткені туралы дербес деректердің таралуын қорғау мақсатында анықтамадағы деректер жасырылған (деректердің бір бөлігі *белгіленген) пациенттің вакцинациясы туралы деректері бар бетке көшу жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Қажет болған жағдайда мобильді қосымшаны пайдаланушы мессенджерлер арқылы электрон құжатымен бөлісе алады.

"EGOV mobile мобильдік қосымшасының "цифрлық құжаттар" сервисінде орналастырылған вакцинацияның электрон паспортын ұсынуға мүмкіндігі жоқ адам вакцина алғанын растау үшін медицина қызметкері медициналық ұйымның ақпараттық жүйесінен басып шығарған қағаз анықтаманы ұсыну мүмкіндігі бар", - делінген ведомство хабарламады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная