08 маусым 2022 | 14:23

Қазақстанда вейптерге тыйым салынуы мүмкін

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Қазақстанда вейптерді сатуға және пайдалануға заңды түрде тыйым салу, сондай-ақ, акциз енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда вейптерді сатуға және пайдалануға заңды түрде тыйым салу, сондай-ақ, акциз енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Негізгі даудың себебі бұларға (жылытылған темекі қосылған өнімдерге. - Ескерту) салынған салық. Білесіз бе, осы уақытқа дейін Қазақстанда электронды темекіге ешқандай салық салынбаған. ДДСҰ мәліметінше, бұл темекілер әсер ету, құрамындағы никотин және басқа да көрсеткіштері жағынан кәдімгі темекі сияқты. Сондықтан, депутаттар акциз салу туралы шешім қабылдады. 

Сонымен қатар, Қазақстанда темекі қоспасы бар электронды құрылғылар деп аталатын вейптерді сатуға және пайдалануға тыйым салатын Денсаулық сақтау кодексіне өзгертулер енгізу туралы шешім қабылданды. Оларды Қазақстанда сатуға және пайдалануға толық тыйым салынады. Сондықтан біз Салық кодексінен бұл ұғымдарды алып тастадық", - деп түсіндірді ол Мәжіліс отырысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная