05 қараша 2021 | 16:49

Қазақстанда заңсыз криптовалюта өндірушілер артып барады - Энергетика министрлігі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков Қазақстанда криптовалюта өндірушілер жұмысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков Қазақстанда криптовалюта өндірушілер жұмысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде былтырғымен салыстырғанда, электр энергиясын тұтыну артқанын байқап отырмыз. Тарихи деректерді алсақ, кейінгі жылдары энергия тұтыну көлемі шамамен 1-2 пайызға артқан. Жылына ең көбі 2 пайыз. Бірақ осы 10 айдың ішінде нормадан жоғары көрсеткіштерді байқадық, ол шамамен 8 пайыз болды. Бұл жерде әңгіме 1000-1200 мегаватт электр энергиясы туралы болып отыр", - деді ОКҚ брифингінде энергетика бірінші вице-министрі.

Энергетика министрлігі мәліметінше, тұтыну көрсеткішінің артуы криптовалюта өндірумен байланысты.

Реклама
Реклама

"Бүгінде заңды түрде тіркелген 50-ге жуық криптовалюта өндіру орталықтары бар. Олар техникалық шарттарын, параметрлерін алып, жұмыс істеп жатыр. Оларға ешқандай сұрағымыз жоқ. Бірақ "заңсыз", яғни заңды айналып өткісі келетін көлеңкелі субъектілер бар. Олардың нарықтағы үлесі ай сайын артып келеді. Бұған Қытай билігінің саланы жабуы да ықпал етіп отыр. Олардың көпшілігі біздің елге қоныс аударды. Тиісінше, олар электр энергиясы теңгеріміне әсер етеді", - деп түсіндірді Мұрат Жүребеков.

Вице-министрдің айтуынша, 1000-1200 мегаватт электр энергиясын өндіру үшін шамамен 5 жыл немесе шамамен 1-1,5 миллиард доллар қажет.

"Біз электр энергиясын заңсыз тұтынуға және елде тапшылық пайда болу ықтималдығына қарап отыра алмаймыз", - деп қосты ол.

Жүребековтің айтуынша, Қазақстанның энергетика жүйесі тұрақты жұмыс істейді, бірақ электр энергиясын заңсыз тұтынуды азайту үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Әйтпесе, бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігіне әсер етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram