2026 жылы жасына байланысты зейнетке шығу ережелері өзгермейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ-ға сілтеме жасап.
Қазақстанда ерлер 63 жастан бастап зейнетке шығады.
Әйелдерге қатысты жағдай мынадай:
- 2024 жылдан 2027 жылға дейін - 61 жас;
- 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жас;
- 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жас;
- 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жас;
- 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жас.
Айта кетейік, ҚР Әлеуметтік кодексінің 207-бабына сәйкес кейбір азаматтарға бюджет есебінен жасына байланысты зейнетақы тағайындау үшін жеңілдетілген жас бар, олар жалпыға белгіленгеннен өзгеше болуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!