14 ақпан 2023 11:18

Қазақстанда зейнетақы активтері өсті - Ұлттық банк

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов зейнетақы активтерінің өскені туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов зейнетақы активтерінің өскені туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Берік Шолпанқұлов БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері қаңтардың соңында жыл басынан бері 224 миллиард теңгеге немесе 1,5 пайызға артып, 14,8 триллион теңге болғанын айтты.

"Биыл қаңтардан бері инвестициялық кіріс көлемі 66,2 миллиард теңгені, зейнетақы жарналары - 156,1 миллиард теңгені, зейнетақы төлемдері - 21 миллиард теңгені, мерзімінен бұрын алу - 11,4 миллиард теңге болды", - деді Ұлттық банк өкілі.

Реклама
Реклама

Зейнетақы активтерінің жинақталған кірістілігі шоғырландыру сәтінен бастап 116,9 пайыз, жиынтық инфляция 116,1 пайыз болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram