Қазақстанда зейнетақы мөлшерін анықтау және төлеудің жаңа қағидасы әзірленді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс беруші есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс беруші есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қағидаларды бекіту туралы ҚР Үкіметі қаулысының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланғаны айтылды.

"Жоба ҚР Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 8-тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мөлшері мен тәртібін айқындайды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қағидаларға сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері жиынтығында кемінде 60 күнтізбелік ай ЖМЗЖ аударылған мына адамдарға беріледі:

  • зейнеткерлік жасқа жеткен (63/61 жас);
  • егер мүгедіктігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар.

ЖМЗЖ есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері өмір бойы тағайындалады және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен айы бойынша жүзеге асырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама