Қазақстанда зейнетақыға қатысты алдау схемасы әшкере болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанда зейнетақыға қатысты алдау схемасы әшкере болды Фото ©️ Турар Казангапов

Астанада заңсыз табыс табу схемасын құрған әйел сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда прокуратурасына сілтеме жасап.

Астанада заңсыз табыс табу схемасын құрған әйел сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2024 жылы елорда тұрғыны WhatsApp қосымшасында жалған хабарлама жариялаған.

"Ол азаматтардың назарын аудара отырып, зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегіне жетпеген тұлғаларға БЖЗҚ-дан қаражат алу қызметтерін ұсынған.

Алаяқ өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмағанына қарамастан, зейнет жасындағы адамдардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша алған", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Әйел барлығы 17 осындай қылмыс жасап, жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асатын қаражатты иемденген. Сотта кінәлі тұлға өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге залалды толық өтеген.

Сот үкімімен ол сотталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама