14 ақпан 2022 | 11:00

Қазақстанда зейнетке дейінгі азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетіледі

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қазақстанда зейнетке дейінгі азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесетін бағдарлама енгізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда зейнетке дейінгі азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесетін бағдарлама енгізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Зейнет жасына дейінгі жұмыссыздарды жұмыспен қамту мақсатында "Күміс жас" арнайы жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бастама 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жүргізіледі. Жыл сайын бұл жоба 5 мың адамды қамтиды деп жоспарланып отыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Қазір "Күміс жас" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акті әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылды.

Реклама
Реклама

"Жұмыс берушілер мен қызметкерлерге бірқатар талап қойылады. Жобаға бір жылдан аса уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан және тұрақты салық, басқа да әлеуметтік аударымдар жүргізген, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ барлық меншік нысанындағы кәсіпорын мен ұйым қатысады.

Жоба бойынша жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан тыс құрылады. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайы зиян және (немесе) қауіпті жұмыстарда, ұлттық кәсіпке сәйкес біліктілігі төмен қызметкерлердің 9-тобына жататын мамандықтар/кәсіптер бойынша құрылмайды", - деді министрлік қызметкері.

"Күміс жас" жобасына қатысу мерзімі 12 айдан аспайды және қатысу кезеңінде халықты жұмыспен қамту орталығы зейнет жасы алдындағы адамдар жалақысының бір бөлігін бюджет қаражаты есебінен субсидиялайды.

"Жалақыға берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері жалақы мөлшерінің 50 пайызы болады, бірақ экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып, 30 АЕК-тен аспайды", - деді министрлік қызметкері.

Жұмыс беруші қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін зейнетке дейінгі адамды зейнеткерлікке шыққанша тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная