14 желтоқсан 2023 | 15:55

Қазақстанда зейнеткерлер мен студенттер декларация тапсыруы керек пе?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қазақстандық жалпыға бірдей табыс декларациясы бойынша салық есептілігін тапсыруы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қазақстандық жалпыға бірдей табыс декларациясы бойынша салық есептілігін тапсыруы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барлығы 250 формасы бойынша декларация тапсыруы керек. Онда барлық мүлік көрсетіледі. Оны барлығы, соның ішінде халықтың әлеуметтік осал санатына жататын зейнеткерлер, студенттер де тапсыруы керек. Біздің бағалауымыз бойынша, төртінші кезеңде 6,5 миллионнан аса адам есеп беруі мүмкін", - деді Біржанов Сенатта өткен брифингте.

Қаржы министрлігі мәліметінше, жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне барлығы 13 миллион адам кіреді.

Реклама
Реклама

"Бірақ болашақта, егер 2026 немесе 2027 жылдары зейнеткер тек зейнетақы алып, кәсіпкерлікпен айналыспаса, онда декларацияны бермеу нұсқасын қарастырамыз. Ол туралы ақпаратты автоматты түрде алып қоямыз", - деп қосты ол.

Вице-министрдің айтуынша, жеке адамдар арасындағы сыйлықтар көрсетілмейді.

Жалпы декларациялау бойынша сұрақтар мен ақпаратты 1414 телефоны арқылы немесе ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан алуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная