Қазақстандағы адам көп жиналатын барлық шараға тыйым салынды

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Инфекцияны алып келмеу мақсатында 13 наурыздан бастап іс-шаралар өткізуге тыйым салынады - мерекелік, спорттық, мәдени, конференциялар, семинарлар, көрмелерді және тағы басқа шараларды өткізуге тыйым салынады. Денсаулық сқатау, білім беру орындарында - ХҚКО-ларда, сауда орындарында, базарларда, вокзалдарда, әуежайларда және қонақүйлерде санитарлық шаралар күшейтіледі", - деді Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Мұның алдында Тоғжанов орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз - 5 сәуір каникул болатынын мәлімдеген болатын.

Реклама
Реклама

Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады

Еске салайық, кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. "Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік", - делінген еді ұйымның Twitter-дегі парақшасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама