ПОДЕЛИТЬСЯ
09 маусым 2021 | 20:13
Қазақстандағы адам құқығы: Тоқаев қаулыға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы" қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы" қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Адам құқықтары саласында одан әрі шаралар қабылдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітсін, онда мынадай жұмыс бағыттарын көздесін:
- БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;
- адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;
- мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;
- әйелдерге қатысты кемсітуді жою;
- бірлесу бостандығына құқық;
- пікір білдіру бостандығына құқық;
- адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы;
- үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;
- адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары;
2) Іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз етсін;
3) жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын;
4) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также