18 қыркүйек 2024 | 10:12

Қазақстандағы АЭС бойынша референдум: 4 алматылыққа айыппұл салынды

Midjourney

Республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін 4 адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін 4 адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Алматы прокуратурасы жеке және заңды тұлғалардың ҚазақстаниРеспубликасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай атом электрстанциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу деректерін анықтады.

"Нәтижесінде 4 құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл арқалады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қала прокуратурасы қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу тәртiбi "Республикалық референдум туралы" және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңдарымен реттелетінiн түсiндiрді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная