Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар арзандап жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар арзандап жатыр Фото:depositphotos.com

Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағат 11:50-дегі жағдай бойынша Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар орта есеппен 485 теңгеден сатылып, 478–479 теңгеден сатып алынып жатыр. Ал Алматыда америкалық валюта 480–481 теңгеден сатылып, шамамен 478 теңгеден сатып алынып жатыр.

Айта кетейік, 16 наурызда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 486,20 теңге болып, 4,49 теңгеге төмендеген еді.

Реклама
Реклама

Сол күні Астанада доллар орта есеппен 491,04 теңгеден сатылып, 484,04 теңгеден сатып алынған. Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде сату бағамы 487,91 теңге, ал сатып алу 485,43 теңге болған.

Бұл ретте Қазақстан Ұлттық банкі белгілеген 17 наурыздағы ресми бағам – 1 доллар үшін 486,20 теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама