Қазақстандағы алғашқы АЭС атауы белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Midjourney көмегімен жасалған

Қазақстанда елдегі алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпы халықтық байқау аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда елдегі алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпы халықтық байқау аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқау 25 қыркүйек пен 10 қазан аралығында eGov Mobile платформасында өтті.

"Конкурс комиссиясының қорытынды отырысының нәтижесі бойынша азаматтардан ең көп ұсынылған "Балқаш" атом электр станциясы" атауы жеңімпаз деп танылды. Таңдалған атау атом электр станцияларын географиялық белгі бойынша атау жөніндегі халықаралық тәжірибеге де сәйкес келеді", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Байқауға 16 жастан асқан 27 157 Қазақстан азаматы қатысқан. Әр қатысушыда бір ғана атау ұсыну мүмкіндігі болды.

"Конкурс комиссиясының отырысында ең танымал 100 атау қаралды. "Балқаш" атом электр станциясы" атауын 882 азамат ұсынды және ол танымалдығы бойынша қорытынды рейтингте бірінші орын алып, конкурс жеңімпазы атанды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Үлкендегі АЭС-ке атау беру бойынша байқау жариялауды ұсынды.

Кейінірек алғашқы АЭС атауына байқау басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама