10 тамыз 2023 | 09:54

Қазақстандағы аптап 42 жыл бұрынғы рекордты жаңартты

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Иллюстрациялық фото: pexels.com

Қазақстандағы аптап 42 жыл бұрынғы рекордты жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы аптап 42 жыл бұрынғы рекордты жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, шілде айы Қазақстанның барлық аумағында ыстық болды.

"Ыстықтың шарықтау шегі батыс облыстарда - бірінші онкүндіктің аяғында, солтүстікте - екінші онкүндіктің басында, шығыста, оңтүстік-шығыста айдың ортасында болды. Осы уақыт ішінде температуралық рекордтар тіркелді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Синоптиктердің болжамынша, 8 шілдеде Атырау метеостанциясында (М) ауа температурасының ең жоғары көрсеткіші 42,0 градус ыстық болса, соңғы рет 2011 жылы 41,9 градус ыстық болған.

10 шілдеде Оралда ауа температурасының ең жоғары шегі 42,0 градусқа дейін көтерілді. Ең жоғары көрсеткіш 2015 жылы 26,6 градус тіркелген.

11 шілдеде Ақтөбеде ауаның максималды температурасы 42,3 градус болып, 2008 жылғы бұрынғы рекордт 41,0 градус болған.

10-12 шілдеде Қостанайда үш күн қатарынан рекордтық көрсеткіш байқалды. Аптап 11 шілдеде 40,5 градус 2020 жылғы бұрынғы рекорд 37,0 градус болған.

Петропавлда 10-13 шілдеде төрт күн қатарынан температуралық рекордтар тіркелді. Алайда ең жоғары ауа температурасы 12 шілдеде 40,0 градусты көрсетті. Осы уақытқа дейін мұндай жоғары ауа температурасы әлі тіркелмеген. Метеорологиялық бақылаудың тарихында бұл күні соңғы рет ауа температурасының ең жоғары деңгейі 1993 жылы 30,6 градус болған.

Павлодарда 12 шілдеде күндіз ауа 38,5 градус болды. 1981 жылғы рекордты 35,0 градус болған.

Көкшетауда 12 шілдеде ауаның максималды температурасы 39,2 градус болып, метеорологиялық бақылаулардың тарихында соңғы рет ауа температурасы 2013 жылы 30,5 градус болған.

Жезқазғанда үш күн қатарынан 11-13 шілдеде ауа температурасының жоғары фоны байқалды, аптаптың шарықтау шегі 13 шілдеде 44,0 градус тіркеліп, осы күндегі рекордтық көрсеткішке айналды. Соңғы рет ауа температурасының ең жоғарғы көрсеткіші 2015 жылы 39,5 градус болған.

Таразда 13 шілдеде ауаның максималды температурасы 42,1 градус болды. Соңғы рет ауа температурасы 2016 жылы 38,1 градус тіркелді.

Өскеменде 14 шілдеде ауаның максималды температурасы 39,9 градус болып, 2013 жылғы бұрынғы рекордты 34,2 градусқа жаңартты.

Риддерде ауаның ең жоғары температурасы 36,5 градус болып, 2015 жылғы 30,9 градус рекордын жаңартты.

Астанада екі күн қатарынан 11-13 шілдеде ауа температурасының жоғары фоны тіркелді, аптаптың шарықтау шегі 12 шілдеде 38,1 градус болды. Ең жоғары ауа температурасы 2013 жылы 32,7 градус тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная