ПОДЕЛИТЬСЯ
06 тамыз 2020 | 09:45
Қазақстандағы аптап: шілдеде бірнеше рекорд жаңарды
Шілдеде Қазақстанда ыстық болып, бірнеше рекорд жаңарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шілдеде Қазақстанда ыстық болып, бірнеше рекорд жаңарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" мәліметінше, шілдеде Қазақстанның батысында қатты ыстық болған. Мұнда ауа температурасы әдеттегіден 1-4 градусқа жоғары болған. 12-14 шілдеде күн қатты ысыған.
"Айдың ортасында Жерорта теңізінен Қазақстан аумағына жылы ауа ағындары келіп, елімізде жауын-шашынсыз аптап болды. Ал елдің батысында қатты ыстық болды. Мысалы, 12 шілдеде Ақтау, Атырауда ауа температурасы 40,6 және 41,3 градусқа дейін көтерілді. 13 шілдеде Ақтөбеде 40,6 градус, 14 шілдеде Оралда 40,8 градус ыстық болды", - дейді "Қазгидромет"
Сондай-ақ, Қазақстанның орталық және шығыс бөлігінде аптап болған. 18 шілдеде Жезқазғанда ауа температурасы 39,1 градус, 17 шілдеде Өскеменде 37,4 градусқа дейін көтерілді.
Синоптиктер еліміздегі жауын-шашынның мөлшеріне де тоқталды. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс бөлігінде нөсер жаңбыр жауып, ол қалыпты нормадан жоғары болған. Кейбір күндері жауған жауын-шашын мөлшері бір айлық норма болған.
"3 шілдеде Ақмола облысында "Балкашино" метеостанциясында жауын-шашын мөлшері 49 миллиметр болған. Ал жауын-шашынның айлық нормасы 60 миллиметр. 10 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында "Семиярка" метеостанциясында жауын-шашын мөлшері 37 миллиметр, жауын-шашынның айлық нормасы 38 миллиметр", - деді "Қазгидромет".
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также