ПОДЕЛИТЬСЯ
10 тамыз 2021 | 09:59
Қазақстандағы аптап: шілдеде бірнеше рекорд жаңарды
Шілдеде Қазақстанға келген қатты ыстық ауа толқыны аптап бойынша жаңа рекорд орнатты. Көпжылдық көрсеткіштер ауысты. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шілдеде Қазақстанға келген қатты ыстық ауа толқыны аптап бойынша жаңа рекорд орнатты. Көпжылдық көрсеткіштер ауысты. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аптап көрсеткіштері
Қазақстанда айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасы күндіз +35 ... + 47 градусқа жетті. Мысалы, 7 шілдеде Қызылорда метеорологиялық станциясында (Қызылорда облысы) ауаның ең жоғары температурасы +46,5 градусқа дейін тіркелді, осылайша 1975 жылғы 20 шілдеде ауа температурасы +46 градусқа жеткен рекорд жаңарды.
"Үшінші онкүндіктің бірінші жартысында тағы бір аптап болды. Бүкіл Қазақстан бойынша ауа температурасы +34 ... +44 градусқа дейін көтерілді. Түркістан қаласында 25 шілдеде +44,1 градус ыстық болды. Бұл көрсеткіш алдыңғы рекорд көрсеткіштен асып түсті. Ол 2017 жылы тіркелген (+42,5)", - дейді синоптиктер.
Ең төмен ауа температурасы көрсеткіштері
Сондай-ақ, шілдеде екінші онкүндіктің ортасында және айдың соңында Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында тіркелген ең төменгі ауа температурасының рекорды жаңарды.
"Мысалы, Рузаевка метеорологиялық станциясында (Солтүстік Қазақстан облысы) 29 шілдеге қараған түні ауа температурасы +5,3 градус болды, нәтижесінде алдыңғы рекорд жаңарды, ол 2020 жылы +7,7 градус болған", - деді "Қазгидромет" синоптиктері.
Сонымен қатар, шілдеде рекордтан бөлек, қатты жел, дауыл, бұршақ және найзағай, нөсер сияқты қолайсыз ауа райы жағдайлары да байқалды.
"Бір ай ішінде республика бойынша секундына 15-28 метр екпінді жел байқалды, ал жекелеген аудандарда секундына 30-37 метрге жетті. 7-8 шілдеде Ақтөбе метеорологиялық станциясында (Ақтөбе облысы) 54,7 миллиметр қатты жаңбыр (бір айдағы норма бойынша 30 миллиметр), Үштөбе метеорологиялық станциясында (Алматы облысы) көлемі бойынша Апатты гидрометеорологиялық құбылыс өлшемдеріне жеткен, диаметрі 20 миллиметр бұршақ жауды.
Ақжол метеорологиялық станциясында (Павлодар облысы) желдің жылдамдығы секундына 36 метр, ұзақтығы алты минут болатын дауыл тіркелді", - деді синоптиктер.
Нұр-Сұлтан қаласындағы рекордтар
Елордадағы ең жоғары ауа температурасы 4 шілдеде тіркелді, термометр + 37,8 белгісіне жетті, бұл 1997 жылғы алдыңғы рекордты өзгертті, онда ауа температурасы +37,5 болған.
"Бір айда жауын-шашын мөлшері 44,3 миллиметр (норманың 89 пайызы), бір айдағы норма 50 миллиметр", - деп қорытындылады синоптиктер.
Бұған дейін Қазақстанда 30 жыл бұрынғы ыстық күндер рекорды жаңарғаны хабарланған болатын. 29 маусымда елдің батысында ең жоғары ауа температурасы тіркелді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также