19 қазан 2020 09:48

Қазақстандағы әр облыстың бас полицейінің желідегі парақшалары жарияланды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев барлық қала мен облыстағы полиция басқармасы басшыларының әлеуметтік желілердегі парақшаларының тізімін жариялады, олар азаматтардың өтініштеріне жауап береді деп уәде етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев барлық қала мен облыстағы полиция басқармасы басшыларының әлеуметтік желілердегі парақшаларының тізімін жариялады, олар азаматтардың өтініштеріне жауап береді деп уәде етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ басшысы тізімді Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

Реклама
Реклама
Нұр-сұлтан ПД басшысы Ержан Сәденов; Алматы ПД басшысы Қанат Таймерденов; Шымкент ПД басшысы Ералы Жұмаханбетов; Алматы облысы ПД басшысы Серік Күдебаев; Ақтөбе облысы ПД басшысы Атығай Арыстанов; Ақмола облысы ПД басшысы Арманбек Баймурзин; Атырау облысы ПД басшысы Қамза Үмбетқалиев; Шығыс-Қазақстан облысы ПД басшысы Сағат Мәдиев; Жамбыл облысы ПД басшысы Жанат Сүлейменов; Батыс-Қазақстан облысы ПД басшысы Махсудхан Әбіләзимов; Қарағанды облысы ПД басшысы Ерлан Файзуллин; Қостанай облысы ПД басшысы Бекет Аймағамбетов; Қызылорда облысы ПД басшысы Бектөре Сұлтан;  Маңғыстау облысы ПД басшысы Жанарбек Бақтыбаев; Павлодар облысы ПД басшысы Нұрлан Мәсімов; Солтүстік-Қазақстан облысы ПД басшысы Марат Төлебаев;  Түркістан облысы ПД басшысы Қайрат Дәлбеков;   Көліктегі ПД басшысы Оңал Бекеев. 

"Полицияның ашықтығы мен қол жетімділігін әлеуметтік желілер де қамтамасыз етеді. Ішкі істер органдарының бөлімшелері, полиция департаменттерінің, елдің барлық аймағындағы қылмыстық-атқару жүйесі бөлімшелерінің Instagram мен Facebook желілерінде парақшасы бар бар, egov.kz платформасында менің блогым жұмыс істейді, Facebook желісіндегі жеке парақшам бар.

Төмендегі сілтемелер бойынша сіз өз ауданыңыздағы полиция бөлімі мен қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығымен тікелей байланыса аласыз. Азаматтардың бірде-бір өтініші еленбей және жауапсыз қалмайды", - деп уәде берді ішкі істер министрі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram