09 сәуір 2024 | 09:17

Қазақстандағы арнайы операция: ұйымдасқан қылмыстық топтар жойылды

Фото: polisia.kz

Есірткіні байланыссыз тәсілмен таратуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтар Батыс Қазақстан, Абай облыстарында және Алматыда құрықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Есірткіні байланыссыз тәсілмен таратуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтар Батыс Қазақстан, Абай облыстарында және Алматыда құрықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы және Семейде каннабис тобының есірткі заттарын сатумен айналысқан алматылық тұрғындар ұсталды. Гашиш пен марихуананы сату Telegram қосымшасы арқылы жүзеге асырылған.

"Топты ұйымдастырушы чат құрып, онда гашиш пен марихуананың әртүрлі сорттарының құны туралы ақпарат салып отырған. Топтың басқа мүшелері өздеріне тиісті қылмыстық рөлдерге сәйкес есірткіні заңсыз сақтау, дозаларға бөлу, оларды Алматы мен Семей аумағында тасымалдау және жасырумен айналысқан", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қылмыстық топқа қатысушылар қамауға алынып, ұйымдастырушыға іздеу жарияланған. Жалпы бір келіден аса гашиш тәркіленді.

"Оралда тағы бір қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілер каннабис тобының есірткісін сатумен айналысқан. Олардан 540 грамм гашиш тәркіленді. Топты ұйымдастырушы Telegram мессенджерінде интернет-дүкен құрып, есірткі сатуға басшылық еткен. Есірткіні өткізу интернет-дүкеннің әкімшісі және жалдамалы есірткі жасырушылар арқылы жүзеге асырылған", - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері барлығы 20 есірткі зертханасын жойған, оның ішінде сегізінде синтетикалық есірткі әзірленген.

"Олардан пайдалануға дайын 129 келі синтетикалық есірткі және 390 кг прекурсор тәркіленді. Сонымен қатар, 12 фитолаборатория анықталып, олардан 34,5 кг каннабис тобының есірткісі тәркіленді. Биыл полиция алты ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, оның ішінде екеуі трансұлттық топ", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная