14 қыркүйек 2023 | 15:45

Қазақстандағы астық дағдарысы: үкіметке жедел тапсырма берілді

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазангапов

Сенат депутаттары Қазақстан үкіметін елдің астық егетін солтүстік өңірлерінде төтенше жағдай жариялауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаттары Қазақстан үкіметін елдің астық егетін солтүстік өңірлерінде төтенше жағдай жариялауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гауез Нұрмұхамбетов депутаттық сауалында Қостанай облысының шаруалардың мәселесін көтерді. Депутаттың айтуынша, егін жинау жұмысы басталғанда ауа райының қолайсыз болған, Қостанай облысының барлық аумағында ұзақ уақыт жаңбыр жауды, жауын-шашын тек тамызда нормадан 2,5 есе жоғары болды.

"Егін жинау жұмысының кешігуіне байланысты егістікте жаппай өніп шығуға жол бермеу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдары ылғал болғанға қарамастан дақылдарды бастыруға мәжбүр. Облыстың кейбір ауданында бұршақ аралас жауын-шашынның салдарынан егіннің біраз бөлігі үсіп қалды. Ауа райының нашарлауынан егін жинау қиындап, астық сапасы төмендейді, көлемді өнім сортсыз, жемдік астыққа жатқызылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің төмен бағасы да жағдайды ушықтырып жатыр", - деді сенатор.

Реклама
Реклама

Қостанай облысында сайлаушылармен кездесуде депутатқа егіннің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныс келіп түскен. Осыған байланысты сенатор Нұрмұхамбетов министрлер кабинетінің басшысы Әлихан Смайыловтан келесі мәселеге назар аударуды сұрады.

"Импорт тұқымды сатып алу және әкелу кезінде, ылғалды астықты жедел әкету және кептіру үшін шаруаларға ҚҚС-ны алып тастауды, егіс алқаптарынан қоймаларға және астық қабылдау кәсіпорындарына өнімді тасымалдау кезінде көлік құралдарын тиеуге қойылатын талаптарға мораторий белгілеу, қазір 1 тоннаға 100 еуро мөлшерінде баж салығын көздейтін күнбағыс экспортына шектеуді алып тастауды ұсынамыз", - деді сенатор.

Бұдан басқа, сенатор биыл "Азық-түлік корпорациясы "ҰК" АҚ арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін бағасын қолайлы етіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің барынша көп көлемін сатып алуды, сондай-ақ, саланы қолдауға көтерген мәселені жедел шешу мақсатында еліміздің астық егетін солтүстік өңірлерінде ауа райының қалыптан тыс жағдайларына байланысты республика деңгейінде төтенше жағдай жариялауды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная