13 қазан 2017 18:43

Қазақстандағы айыппұлдар жайлы әлеуметтік ролик түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Вайнер Ратбек Байенов (Ratbek) Қазақстандағы айыппұлдар мөлшері жайында әлеуметтік ролик жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Вайнер Ратбек Байенов (Ratbek) Қазақстандағы айыппұлдар мөлшері жайында әлеуметтік ролик жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео қыз өсіріп отырған ер адам жайлы. Қызының велосипед алып берші деген өтінішін естіген әке, такси жүргізушісі болып ақша жинай бастайды. Сюжет бойынша ол қажетті мөлшердегі ақшаны жинаған кезде жылдамдығын асырғаны үшін "КРИС-П" фоторадарлы кешенге түсіп қалып, айыппұл төлеуі керек болады. Видео "КРИС-П" камерасы арқылы келетін айыппұлдың ең төменгі мөлшері (22 690 теңге) мен ең төменгі табыс көзінің мөлшерін (24 459 теңге) салыстырумен аяқталады.

"Күн сайын миллиондаған тұрғындар соңғы тиынын бөліп жарып, айыппұл төлеуге тырысады. Адамдар өз күндерін әрең көріп жүргенде, теріс қадам басуы мүмкін... Достар сіздер қалай ойлайсыздар? P.s: Жолда мұқият болыңыздар!", - деп жазды Ratbek.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети