ПОДЕЛИТЬСЯ
17 наурыз 2020 | 13:09
Қазақстандағы барлық ауруханада карантин жарияланды
Қазақстандағы барлық ауруханада карантин жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандағы барлық ауруханада карантин жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгіннен бастап барлық медициналық ұйымда - ауруханаларда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде, қарттар үйі мен интернаттарда карантин жарияланды. Осы мекемелерге, ұйымдарға баруға тыйым салынады. Тек медициналық қызметкерлерге рұқсат. Бұл науқастарды қорғау үшін жасалып отыр. (…) Сондай-ақ, фото мен видеоға түсіруге тыйым салынады", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27 адамға жеткені хабарланған болатын.
MEGA желісінің барлық сауда және ойын-сауық орталығы жабылды
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также