ПОДЕЛИТЬСЯ
08 тамыз 2024 | 12:21
Қазақстандағы басқарушы компанияға 82 миллиард теңгенің активтері берілді
Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті басқарушы компанияның теңгеріміне жалпы сомасы 82 миллиард теңге болатын 48 нысан өткенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті басқарушы компанияның теңгеріміне жалпы сомасы 82 миллиард теңге болатын 48 нысан өткенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Активтерді қайтару жұмыстары шеңберінде Басқарушы компанияның теңгеріміне жалпы құны 82 миллиард теңге болатын 48 нысан тапсырылған.
"Өз кезегінде басқарушы компаниямен Астанадағы 473 миллион теңгеге элиталық жылжымайтын мүлік және Алматыдағы 732 миллион теңгеге азаматтық ғимарат сатылды, сондай-ақ Алматы қаласы және Жетісу облысындағы обьектілерді жалға беру туралы бірқатар келісімдер жасалды. Жалдаудан айына шамамен 80 миллион теңгеге жуық кіріс күтіледі, алғашқы төлемдер де жүргізілді", - делінген хабарламада.
Объектілерді сату және жалға беруден түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға әлеуметтік-экономикалық жобаларды одан әрі қаржыландыру мақсатында жіберілетін болады. Активтерді іске асыру бойынша жұмыс жалғасып жатқаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также