02 наурыз 2020 | 16:06

Қазақстандағы бай адамдардың біріне қатысты сот үкімі шықты

Василий Розинов. Сурет: ng.kz

"Иволга-Холдинг" ЖШС бұрынғы бас директоры Василий Розинов сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Иволга-Холдинг" ЖШС бұрынғы бас директоры Василий Розинов сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иволга-Холдинг" ЖШС бұрынғы бас директоры Василий Розиновқа қатысты сот ісі аяқталды. Бұған дейін Розинов еліміздің ең бай 50 бизнесменнің тізіміне кірген. Бүгін агроөнеркәсіп кешені саласындағы белгілі кәсіпкер алаяқтық жасағаны үшін айыпты деп танылды.

Реклама
Реклама

Сот Василий Розиновты ҚР Қылмыстық кодексінің 195-бабының 2-тармағы бойынша ("Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру") кінәлі деп танып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сонымен қатар, сот оған жаза мерзімін өтеу кезінде пробациялық бақылау жүргізуге қаулы етті. Енді Василий Розинов бақылаушы органдарға хабарламай, тұрғылықты жерін өзгерте алмайды және көңіл көтеру орындарына баруға рұқсат жоқ. 

Бұған дейін Василий Розинов айыптаумен келіспейтінін, ал несие бойынша қарыздар күтпеген жерден болғанын мәлімдеген.

Еске салайық, бұған дейін Василий Розиновтың бақылауындағы холдингтің ЕАДБ-ге 80 миллион доллар қарыз болғаны хабарланған болатын. Компания астық саласын дамытуға несие алған. Олар кредитті бір жылдай төлемеген болып шыққан, алайда холдинг банкрот болды деп айтылмады. Сол кезде банк басқармасы "Иволга-Холдинг" ЖШС жасаған алаяқтық схемалар туралы мәлімдеген. Кейін 2018 жылы Василий Розиновтың орнына директор қызметіне Айдарбек Ходжаназаров келді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная