12 шілде 2024 | 10:59

Қазақстандағы бай рантье-әйел Ресей азаматтығынан бас тартты

Айдан Сүлейменова. Фото: ayala.kz

Қазақстандағы бай рантье әйел Айдан Сүлейменова Ресей паспортынан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы бай рантье әйел Айдан Сүлейменова Ресей паспортынан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин "Ресей азаматтығына қабылдау және Ресей азаматтығынан шығу туралы" жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Айдан Сүлейменова ресейлік паспорттан бас тарту туралы өтініш берген.

Айдан Сүлейменова – Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменовтің қызы және қазақстандық кәсіпкер Данияр Әбілғазиннің әйелі.

Реклама
Реклама

Forbes мәліметінше, Сүлейменова ADD Invest Properties компаниясының иесі болып табылады, осы арқылы ол ерлі-зайыпты Құлыбаевтармен бірге астаналық Keruen City сауда орталығы мен Talan Gallery сауда орталығына иелік етеді және Keruen City сауда орталығындағы үлеске ие. Серіктестік қоржынында Ақтөбедегі Keruen City сауда орталығының 50 пайызы да бар. Айдан Сүлейменова "Аяла" қайырымдылық қорын да басқарады.

2023 жылдың соңында Сүлейменова 4,3 миллиард теңге табыспен ең табысты рантье рейтингінде сегізінші орынды иеленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная