29 қараша 2022 | 09:53

Қазақстандағы бірқатар өңірде оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Қазақстанда төрт өңірде аязға байланысты мектептер мен колледждер қашықтан оқыту форматына көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда төрт өңірде аязға байланысты мектептер мен колледждер қашықтан оқыту форматына көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

29 қарашада ауа температурасының төмендеуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы мектептерінде бірінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына көшіріліп жатыр. Өзгерістер Өскеменде, сондай-ақ Алтай, Тарбағатай, Ұлан, Глубоковский, Самара, Катонқарағай, Шемонаиха, Зайсан және Күршім облыстарында 0-11 сыныптарға қатысты. Ал Риддерде 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді.

Абай облысында 1-11-сынып оқушылары, сонымен қатар бірінші ауысымдағы колледждердің 1-2-курс студенттері қашықтан оқып жатыр.

Реклама
Реклама

Қызылордада да ауа райының қолайсыздығы мен екпінді жел салдарынан 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды.

Қарағандыда бірінші ауысымның 0-4-сынып оқушылары қашықтан оқып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram