10 қаңтар 2023 | 09:08

Қазақстандағы бірқатар өңірде оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

10 қаңтарда қатты аязға байланысты Қостанай, Павлодар, Екібастұз және Қарағанды ​​қалаларының оқушылары қашықтықтан оқытуға көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 қаңтарда қатты аязға байланысты Қостанай, Павлодар, Екібастұз және Қарағанды ​​қалаларының оқушылары қашықтықтан оқытуға көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанайда 33 градус аяз болғандықтан, мектеп оқушылары қашықтан білім алып жатыр. Ауыл мектептерінде де офлайн сабақтар тоқтатылды. Мәселен, Әулиекөл ауданында бүгін минус 39 градусты көрсетіп тұр.

Павлодар қаласының мектептерінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бірінші ауысымындағы 1-11 сыныптары, колледждердің 1 курс студенттерінің сабақтары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Қалада ауа температурасы минус 30 градус, жел секундына 5 метр.

Реклама
Реклама

Екібастұзда бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Ауа температурасы минус 27, жел секундына 5 метр.

Қарағандыда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші және екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram