12 қаңтар 2022 21:28

Қазақстандағы бірқатар өңірде ТЖ режимі алып тасталады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

13 қаңтардан бастап Қазақстанның бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі алып тасталады. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

13 қаңтардан бастап Қазақстанның бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі алып тасталады. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес, мына өңірлерде төтенше жағдай режимі алып тасталады:

  • "Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 745 Жарлығымен енгізілген Солтүстік Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.
  • "Павлодар облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №744 Жарлығымен енгізілген Павлодар облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.
  • "Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 740 Жарлығымен енгізілген Батыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.
Реклама
Реклама

 Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram