ПОДЕЛИТЬСЯ
25 маусым 2024 | 10:46
Қазақстандағы екінші жағдай: Ұлытау облысында бала көкжөтелден қайтыс болды
Қазақстанда тағы бір бала көкжөтелден қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда тағы бір бала көкжөтелден қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова қауіпті инфекциядан тіркелген екінші өлім жағдайы туралы айтты.
"Биыл көкжөтелден өлімнің екі жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында бір бала және Ұлытау облысында. Екеуі де екпе алмаған. Екінші бала екпе алу жасына толмаған", - деді Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариы дәрігері.
Дәрігерлер көкжөтел өте қауіпті инфекция екенін, өлім қаупі жоғары екенін айтады: ауырған 10 адамның төртеуі өлімге душар болуы мүмкін. Қазір Қазақстанда ай сайын көкжөтелді жұқтырудың 350-ден 400-ге дейін жағдайы тіркеледі, деді Есмағамбетова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также