Қазақстандағы екінші және үшінші АЭС-ті Қытай салады - Роман Скляр

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстандағы екінші және үшінші АЭС-ті Қытай салады - Роман Скляр Фото:depositphotos.com

Қазақстандағы екінші және үшінші АЭС-ті Қытай салады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандағы екінші және үшінші АЭС-ті Қытай салады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеуніктің айтуынша, нысандардың құны туралы айтуға әлі ерте — қажетті есептеулер жүргізіліп жатыр.

"Станцияның құны техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттама дайын болғанда анықталады. Қазір айтуға ерте. Мен нақты емес сандарды атағым келмейді. Үкіметаралық келісім, ынтымақтастық нысаны бойынша барлық мәселе келісу сатысында тұр, кейін Парламентте ратификациядан өтеді", – деді Скляр Үкіметтегі баспасөз конференциясында.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда үш атом электр станциясын салу қажеттігін айтқан болатын. Осыған байланысты журналистер Роман Склярдан үшінші АЭС-ті кім салатынын сұрады.

"Үшінші станция да (екіншісі сияқты – еск.) Қытайдан болады. Қазір бұл мәселе тиісті агенттік тарапынан қарастырылып жатыр", – деді ол.

Бұған дейін Атом энергетикасы агенттігі Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті салу үшін "Росатом" халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде таңдалғанын хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама