23 маусым 2023 | 16:25

Қазақстандағы "ең жас" және "ең көне" өңірлер анықталды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Ұлттық статистика бюросы өңірлердегі қартаю индексі туралы мәліметтермен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық статистика бюросы өңірлердегі қартаю индексі туралы мәліметтермен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2022 жылы қартаю индексі 28,2 болды, бұл осы жыл ішінде 1,6 пайызға өсті (2021 жылы 26,6). Нөлден 15 жасқа дейінгі әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 28 зейнеткер келеді.

Халықтың қартаюының ең жоғары деңгейі еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында байқалады. Шығыс Қазақстанда – 56,9, Солтүстік Қазақстанда – 56,3, Қостанай облысы алғашқы үштікті 48,9 көрсеткішімен аяқтады.

Реклама
Реклама

Халқы ең жас аймақтар Маңғыстау облысы болды. Соңғы 10 жылда бала туудың ең жоғары көрсеткіші анықталды. Әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 11 қарт адам келеді. Еліміздің оңтүстік облыстарында да қартаю индексінің төмендігі байқалады: Түркістан облысында – 11,3, Шымкентте – 11,7.

Қалада қартаю индексі ауылдық жерлерге қарағанда жоғары: сәйкесінше 30,7 және 24,5.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная