Қазақстанда 100 жастағы және одан үлкен 448 азамат бар. Ең жасы үлкен қазақстандық Ұлытау облысында тұрады, ол 115 жасқа толған туған күнін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, жүз жасқа толғандардың ең көбі Алматыда тұрады, онда 100 және одан үлкен жастағы 58 адам бар.
Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша екінші орында – Түркістан облысы. Онда 100 жастан асқан 53 адам тұрады.
Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан үлкен жастағы 37 адам тұрады.
Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытау облысының тұрғыны (115 жас), Павлодар облысы тұрғыны (113 жас), Жамбыл облысы тұрғыны (110 жас) кірді.
Еске салайық, жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45 сессияда жариялады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!