28 сәуір 2023 | 12:44

Қазақстандағы ең ірі екі ГЭС-тің иесі өзгерді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты делініп жүрген екі бірдей гидроэлектростанция "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ қарамағына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KASE деректеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты делініп жүрген екі бірдей гидроэлектростанция "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ қарамағына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KASE деректеріне сілтеме жасап.

Деректерге сүйенсек, "Самұрық-Қазына" Шүлбі СЭС пен Өскемен СЭС-те 100 пайыз үлеске ие болған.

"Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ 2023 жылғы 25 сәуірден бастап "АЭС Шүлбі СЭС" ЖШС және "АЭС Өскемен ГЭС" 100 пайыз қатысу үлестеріне ие бола бастады", - делінген деректе.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет қаулы шығарып, Шығыс Қазақстандағы екі су электр станциясы мемлекет меншігінен "Самұрық-Қазына" қоры меншігіне бірнеше шарт бойынша берілетінін мәлімдеген еді.

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ акцияларының төлемі ретінде "СЭС Өскемен АЭС" ЖШС және "АЭС Шүлбі СЭС" ЖШС-дегі мемлекеттік үлесті тиісті саланың уәкілетті органының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген салалық оң қорытындысы болған жағдайда беру", - делінген еді қаулыда.

Сол кезде Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне, сондай-ақ, Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, қаулыны іске асыру бойынша қажет шараларды қабылдау тапсырылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная