ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қазан 2024 | 15:54
Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба көлік қатынасына қатысты көп жылғы мәселені шешуге бағытталған, көпір алты ауданды – Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырады.
Көлік министрі Марат Қарабаев премьер-министрге ұзындығы 1316 метр екі жолақты автомобиль көпірінің құрылысы аяқталғаны туралы баяндады. Көпір тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізе алады, өткелге 18 шақырым жаңа жол тартылған.
"Жаңа көпір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында салынды. Аймақта тұрғындар 50 жыл бойы жазда не пароммен, қыста тікелей не мұз үстімен жүргенін білесіздер. Құрылыстың салынуын жергілікті тұрғындар ұзақ күтті", — деді Олжас Бектенов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также