Қазақстандағы инфляция туралы мәлімет жарияланды

Фото:depositphotos.com

Ұлттық статистикалық бюро Қазақстандағы инфляция туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық статистикалық бюро Қазақстандағы инфляция туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2025 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының айлық индексі 1,5 пайыз болды (2025 жылғы қаңтарда – 1,1 пайыз). Ақылы қызметтер – 2,1 пайыз, азық-түлік тауарларының бағасы – 1,5 пайыз, азық-түлік емес тауарлар 1 пайыз өскен.

"Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында төлемақы суық суға – 29,2 пайыз, орталықтан жылытуға – 6,2 пайыз, ыстық суға – 5,3 пайыз, домофонға – 4,7 пайыз, электр энергиясына 1,8 пайыз өсті. Монша қызметтері – 2,1 пайыз, дәрігерге алғаш қаралу қызметтері – 1,9 пайыз, шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері 1,3 пайыз қымбаттады.

Азық-түлік тауарларынан баға қиярға – 12,7 пайыз, қырыққабатқа – 12,3 пайыз, картопқа – 16,4 пайыз, қызанаққа – 6,1 пайыз, қызылшаға – 5,1 пайыз, лимонға– 4,9 пайыз, сиыр етіне – 3,7 пайыз, сарымсаққа – 3,2 пайыз, картопқа, жүзімге – 3,1 пайыз, күнбағыс майына – 3 пайыз, алмаға – 2,7 пайыз, қой етіне 2,3 пайыз өсті. Бағаның төмендеуі апельсинге – 2,2 пайыз, күрішке – 1,4 пайыз, жұмыртқаға – 1,2 пайыз қарақұмық жармасына 1 пайыз байқалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Биылғы ақпанда тұрмыстық бұйымдарға баға 2,5 пайыз, автомобильдерге – 1,3 пайыз, құрылыс материалдарына – 1,1 пайыз, киім мен аяқ киімге 1 пайыз өсті. Баллондағы сұйытылған газ 10,5 пайыз қымбаттаған.

Өңірлер ішінде ең жоғары айлық инфляция Астанада – 2,9 пайыз (орташа республикалық деңгейден 1,4 п.т. жоғары), ең төмені Абай және Қызылорда облыстарында – әрқайсында 0,7 пайыздан тіркелген. Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарларының ең жоғары бағасы Шымкент қаласында 3 пайыз, азық-түлік емес тауарлар – Маңғыстау облысында 2,5 пайыз, ақылы қызметтер – Астана қаласында 4 пайыз өсті.

2025 жылғы ақпанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 9,4 пайыз болған. Ақылы қызметтердің бағасы – 14,1 пайыз, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 8,7 пайыз, азық-түлік тауарларының бағасы 6,5 пайыз жоғарылады.

"2024 жылғы ақпанмен салыстырғанда суық суға тарифтер – 70,7 пайыз, электр энергиясына – 21 пайыз, орталықтан жылытуға – 18,2 пайыз, су бұруға – 17,3 пайыз, ыстық суға – 14,5 пайыз, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 13,2 пайыз, қоқыс шығаруға 11,1 пайыз жоғарылады. Теміржол жолаушылар көлігінің қызметтері – 20 пайыз, ұялы байланыс қызметтері – 19,5 пайыз, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері – 18,4 пайыз, сәлемдемелер жіберу – 17,7 пайыз, дәрігерге алғашқы қаралу қызметі 15,5 пайыз қымбаттады".

Ноутбуктің бағасы – 67,2 пайыз, ас үй пеші – 55,4 пайыз, сымсыз құлаққаптар – 47,7 пайыз, планшет 46,8 пайыз қымбаттаған. Бағаның өсуі корвалолға – 33,2 пайыз, канефронға 26,9 пайыз байқалды. Азық-түлік ішінде картоп – 62,1 пайыз, пияз – 27,3 пайыз, қырыққабат – 20,2 пайыз, сарымсақ – 18,3 пайыз, қызылша 15,2 пайыз қымбаттаған. Керісінше, қарақұмық жармасы жылдық мәнде – 20,4 пайыз, сәбіз – 6,6 пайыз, күріш – 5,7 пайыз, жұмыртқа 5,3 пайыз арзандаған.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама