Қазақстандағы интернет жылдамдығы: әлемдік рейтинг

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстандағы интернет жылдамдығы: әлемдік рейтинг Фото:depositphotos.com

Speedtest Global Index сервисі қарашаға арналған рейтингін жариялап, интернеті ең жылдам елдер мен қалаларды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Speedtest Global Index сервисі қарашаға арналған рейтингін жариялап, интернеті ең жылдам елдер мен қалаларды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлем елдерінің рейтингі

Мобильді интернет сапасы бойынша жаһандық рейтингте Қазақстан бір сатыға төмендеп, 46-орынға жайғасты. Елдегі орташа жүктеу жылдамдығы – 93,07 мегабит/секунд. Ал Жапония 62-орында тұр, онда мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 65,14 мегабит/секунд болады.

Реклама
Реклама

Мобильді интернет жылдамдығы бойынша көш бастап тұрған елдер үштігі дәстүрлі түрде төмендегідей:

  • Біріккен Араб Әмірліктері – 672,68 мегабит/секунд;
  • Қатар – 542,56 мегабит/секунд;
  • Кувейт – 398,66 мегабит/секунд.

Ең төмен көрсеткіш Боливияда тіркелді – бұл елде интернет жылдамдығы небәрі 14,35 мегабит/секунд.

Ал тұрақты кеңжолақты интернет жылдамдығы рейтингі бойынша Қазақстан 91-орынға орналасты (83,5 мегабит/секунд). Бұл санатта Жапония айтарлықтай алда – ел 23-орынды иеленіп, орташа жылдамдық 229,84 мегабит/секундты көрсеткен.

Әлем қалаларының рейтингі

Қалалар арасындағы мобильді интернет жылдамдығы рейтингінде Алматы 63-орынға, Астана 67-орынға жайғасқан. Алматыда интернеттің орташа жүктеу жылдамдығы 127,79 мегабит/секунд болса, Астанада бұл көрсеткіш 125,58 мегабит/секунд болды. Салыстыру үшін айтқанда, Токио бұл тізімде тек 90-орында тұр (80,44 мегабит/секунд).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама