ПОДЕЛИТЬСЯ
17 ақпан 2021 | 16:05
Қазақстандағы "жаяу жүргіншілер үшін ең қауіпсіз" ауыл видеоға түсірілді
Қазақстандық "жаяу жүргіншілер үшін ең қауіпсіз" ауылды видеоға түсірді. Ролик авторы Нұр-Сұлтан маңындағы ауылда жол жөнделгеннен кейін қанша жол белгісі пайда болғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық "жаяу жүргіншілер үшін ең қауіпсіз" ауылды видеоға түсірді. Ролик авторы Нұр-Сұлтан маңындағы ауылда жол жөнделгеннен кейін қанша жол белгісі пайда болғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ауылдың атауы Ынтымақ болып өзгертілді (2018 жылға дейін - Фарфор. - Ескерту.), жол жөнделді және жол белгілері үшін ақша аямай бөлінді. (...) Шын ниетпен орнатылған. Жалпы жаяу жүргіншілер өткелі тұрғысынан ең қауіпсіз ауыл. Қонаққа келіңіздер", - деді видео авторы.
Дегенмен кадрлардан кейбір жол белгісі қар астында қалғанын көруге болады.
Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігіндегілердің айтуынша, 2020 жылы "Целиноград ауданы Ынтымақ (Фарфор) ауылына кіретін жолдан бастап ауылдың ішіндегі жолдарды күрделі жөндеу" жобасы басталған.
"Жоба 2018 жылы барлық құрылыс нормасы мен ережесіне, соның ішінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне сәйкес әзірленді. Жаяу жүргіншілер өткелдерінің белгілері қиылыстарда және түйісулерге қойылды. Жоба мемлекеттік сараптамадан өтті. Жұмыстар жобаға сәйкес жүргізіліп жатыр", - деп сендірді баспасөз қызметіндегілер.
Ынтымақ ауылы Нұр-Сұлтаннан ондаған шақырым жерде орналасқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также