12 желтоқсан 2022 | 12:02

Қазақстандағы жылу желілерін жөндеуге 4 триллион теңге қажет - Смайылов

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстанда жылу желілерін жөндеуге үш триллион теңгеден аса қаражат қажет. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жылу желілерін жөндеуге үш триллион теңгеден аса қаражат қажет. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің айтуынша, қазір үкімет жылу энергетикасы туралы заң жобасын әзірлеп жатыр. 2023 жылдың бірінші тоқсанында еліміздегі барлық жылу электр станциялары мен электр желілерін тексеру аяқталады.

"Ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс Қазақстанның электр желілерін біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әзірленіп жатқан "Инвестицияларға айырбас тарифі" бағдарламасы электр және жылу желілері мен құбырлардың тозуын азайтады. Ол үшін 130 мың шақырымнан аса инженерлік желілерді жөндеу және 3,8 триллион теңгеге дейін инвестиция тарту қажет. Осы аптада тиісті ережелер бекітіледі", - деді Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная