20 желтоқсан 2023 | 10:34

Қазақстандағы жылумен жабдықтау жағдайы: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Энергетика министрлігі Қазақстан өңірлеріндегі жылумен жабдықтау жағдайы бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Энергетика министрлігі Қазақстан өңірлеріндегі жылумен жабдықтау жағдайы бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Энергетика министрлігі өңірлердегі жылыту кезеңінің өту барысына мониторинг жүргізеді. Бұл мәселе Республика Үкіметінің қатаң бақылауында.

"Соңғы тәулікте кейбір облыстардағы жылумен жабдықтау объектілерінде технологиялық заңбұзушылықтар тіркелді. ЖЭО-дағы заңбұзушылықтарды жою үшін барлық қажетті материалдар, сондай-ақ персонал толық көлемде бар.

Қазіргі таңда Жезқазған жылу электр орталығы мен Кентау жылу электр орталығында резервтік қазандықтар бір күн бұрын іске қосылды. Ал Риддер ЖЭО-да температура бекітілген кестеден төмендеуі тіркелген жоқ", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жалпы, республика бойынша электр станцияларында 8 энергоблок, 43 қазандық және осындай 43 турбинаға жөндеу жасалған.

"Көмір қоры 4,9 миллион тонна болады, бұл былтырғы деңгейден 67 пайызға артық. 108 мың тонна мазут жиналды. Барлық ЖЭО-да отынның нормативтік қоры бар.

Энергетика министрлігі 2023 жылғы 1 маусымнан бастап электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифті түзетуді жүргізді. Бұл шара электр станцияларын жөндеуге 146,5 миллирад теңге көлемінде қаржы көлемін тартуға мүмкіндік берді".

Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жекелеген жылу көздерін жылыту маусымына дайындау үшін ҚР Үкіметінің резервінен Риддер және Екібастұз қалаларының ЖЭО, Ақтау қаласының энергия көздері үшін күрделі жөндеу, реконструкциялау және қажетті жабдықтарды сатып алуға қаражат бөлінді. Атап айтқанда, Көкшетау қаласының қазандығын жөндеуге 21,5 миллиард теңге бөлінді, бұл барлық негізгі жабдықтарды күрделі жөндеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, Кентау қаласының ЖЭО жөндеуге облыстық бюджеттен 3,7 миллиард теңге бөлінді. Сонымен қатар, электр станцияларының иелері шамамен 16,5 миллиард теңгені тікелей салған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная