22 маусым 2022 | 17:49

Қазақстандағы қартаю индексі айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Қазақстанда қартаю индексі өсіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәліметінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда қартаю индексі өсіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәліметінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылы өңірлерде халықтың қартаю индексі 26,6 болған. Бұл елімізде 0-15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 26,6 азамат келеді деген сөз. 2017 жылы бұл көрсеткіш 25,9 деңгейінде болған.

Ауылдық жерлермен салыстырғанда қалаларда қартаю деңгейі жоғары - 28,7. 2019-2020 жылдар аралығында қала индексі 29,1 деңгейінде бағаланды.

Реклама
Реклама

"Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында, индекс 66,5 болды. Ең жас қала Шымкент болды, 100 балаға 65 жастан асқан 14,3 адам келеді. Елорда тұрғындары да салыстырмалы түрде жас, Нұр-Сұлтан индексі - 17,3.

Ауыл тұрғындарының қартаю индексі қала көрсеткішінен 4,9 тармаққа (23,9) төмен. Көрсеткіш бес жыл ішінде шамалы өзгерді, 2017 жылы 100 балаға 22,4 ересек адам келді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная