09 шілде 2021 | 14:09

Қазақстандағы кедейлік шегі аталды

Қазақстандағы кедейлік шегінің орташа мөлшері аталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы кедейлік шегінің орташа мөлшері аталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"АӘК (атаулы әлеуметтік көмек. - ескерт.) табысы төмен отбасыларға беріледі, яғни отбасындағы жан басына шаққандағы табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы - кедейлік шегі. АӘК мөлшері отбасының табысына байланысты.

Яғни, АӘК мөлшері кедейлік шегі мен отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табыс арасындағы айырма түрінде айқындалады. Мысалы, отбасында үш бала және ата-ана, біреуі бала тууға байланысты демалыста болса, екіншісі еңбек етеді. Бірақ жалақысы - 50 мың, отбасының әрбір мүшесіне ай сайын - 10 мың теңге. Бұл жағдайда кедейлік шегі - 24 012 теңге. Бұл республика бойынша орташа көрсеткіш", - деді Асқар Ниязов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі әр өңірдегі кедейлік шегі экономикалық өмір сүру деңгейіне байланысты дербес анықталатынын түсіндірді.

Реклама
Реклама

"Бұл жағдайда АӘК орташа мөлшері әрбір отбасы мүшесіне 14 мың теңгеден болады. Бес адамға бұл ай сайын шамамен 70 мың теңге. Сондықтан АӘК мөлшері белгілі бір мөлшерге байланысты емес... АӘК мөлшері белгіленбеген. Бұл отбасының табысына байланысты", - деп жауап берді ол.

Бұған дейін сараптама жасайтын порталдардың бірі табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен Қазақстан тұрғындарының саны 20 пайызға артқанын есептеген. 2020 жылдың төртінші тоқсанында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар саны жыл ішінде 12 пайызға, 140,6 мыңға дейін артқан. 858,5 мың адам есептелген, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 20,1 пайызға көп. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың көпшілігі Түркістан облысында тұрады - 19,9 пайыз немесе 27,9 мың отбасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная