11 ақпан 2014 12:39

Қазақстандағы кейбір театрлар бұрын шіркеу болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед. Фото inform.kz сайтынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед. Фото inform.kz сайтынан

Қазақстанда ондаған театрлар кеңестер кезінде мүлдем басқа мақсаттарға салынған ғимараттарда орналасқан. Олардың кейбірі бұрын шіркеу болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедке сілтеме жасап. Министрдің айтуынша, Қазақстанға кеңестер заманынан мұра болып қалған 34 театрдың тек 21 ғана типтік, яғни арнайы салынған ғимаратта орналасқан болатын. "Ал қалғандары болса, XIX ғасырда немесе XX ғасыр басында түрлі мақсаттарға салынған әр алуан ғимараттарды орналасқан. Мәселен, 1983 жылы ашылған Шымкенттегі қуыршақ театрына 1911 жылы бой көтерген Никольск шіркеуінің ғимараты берілген. Ол әлі күнге дейін сол ғимаратта отыр", - деді Үкіметтің бүгінгі отырысында министр М.Құл-Мұхаммед. Министр атап көрсеткендей, Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры бұрынғы аудандық партия мектебінің акт залында орын тепкен. Сол сияқты Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры - облыстық партия комитетінің ғимаратында, Түркістандағы музыкалық драма театры - 1938 жылы салынған ескі кинотеатрда, ал астаналық жастар театры Оқушылар сарайында отыр. Осыған байланысты М.Құл-Мұхаммед Үкімет басшысынан театр ғимараттарын салу мәселесіне ерекше көңіл бөлуды сұрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети