10 қыркүйек 2020 | 22:53

Қазақстандағы көлік нарығының жаңа ойыншысы бәсекелестерін қапы қалдырып жатыр

Биылғы 28 наурызда Chevrolet брендінің автокөліктерін Қазақстан мен Өзбекстан "СарыарқаАвтоПром" зауытында бірлесіп жасай бастады. AllurGroup құрамына кіретін көліктердің сатылу көрсеткіші қыркүйекке таман едәуір өсіп, елдегі сатылымы көп көліктердің үштігіне енді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Биылғы 28 наурызда Chevrolet брендінің автокөліктерін Қазақстан мен Өзбекстан "СарыарқаАвтоПром" зауытында бірлесіп жасай бастады. AllurGroup құрамына кіретін көліктердің сатылу көрсеткіші қыркүйекке таман едәуір өсіп, елдегі сатылымы көп көліктердің үштігіне енді.

Қазақстан автобизнесі қауымдастығының дерегінше, биылғы тамызда Chevrolet көліктеріне деген сұраныс шілдеге қарағанда 139 пайызғ артық болған. Экспортты қоса есептегенде, өткен айда рекордтық 1935 автокөлік сатылған, Қазақстанда сатылған көлік саны - 1279.

Реклама
Реклама

Chevrolet Cobalt моделі өткен айға қарағанда 176 пайызға көбірек сатылып, елдегі сұранысы жоғары көліктер рейтингінде екінші орынға  (Ravon R3-тен кейін) ие болды. Бір айда бұл модельдің 675-і сатылған, ал экспортталған көліктерді қосқандағы саны - 1026.

Сөйтіп Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен жобасындағы Ravon и Chevrolet автокөліктері тамызда елдегі ресми көлік нарығының 21 пайыз үлесіне ие болды. 

Көліктің жабдықталуы мен қолжетімдігі бір-біріне сай болып, Chevrolet брендінің Қазақстандағы дилер желісінің кеңеюі арқасында сатылым әжептәуір өскен. Алғашқы екі айда көліктерді тек Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Қостанай қалаларында ғана сатып алуға болатын, ал қазір дүниежүзіне танымал брендтің көліктерін елдегі 14 аймақта сатып алуға болады. Ай сайын брендтің қатаң талаптарына сай жаңа дилер орталықтар ашылып жатыр.

Жобаның экспорттағы бағдары бірінші жылда позитив тенденцияға ие болып отыр. Мысалы тамыз айының өзінде шетелге 656 көлік сатылған. Мамырдан бері Ресей мен Беларуське 1472 Chevrolet көлігі экспортталған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Серіктестік материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная