15 наурыз 2020 | 11:39

Қазақстандағы коронавирус бойынша 15 наурыздағы деректер

Фото Әлихан Сариев©

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус бойынша 15 наурыздағы жағдайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус бойынша 15 наурыздағы жағдайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінгі күнде елімізде коронавирус жұқтырудың алты дерегі тіркелді, оның төртеуі - Алматыда, Нұр-Сұлтанда - екі жағдай. 1425 адам стационарлық карантинде, 496 адам үй карантинінде", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Қытайдан және көрші мемлекеттерден келген азаматтарды бақылау жалғасып жатыр.

"Барлық санат бойынша 2507 адам бақылауға алынды, оның ішінде 1 а) санатында - 1619 адам, 1 б) санатында - 520, 2-санатта - 368 адам. Бақылауға алынған 2507 адамның 424-і мониторингтен шығарылды. 15 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2083 адам бақылауда қалды", - деді Денсаулық сақтау министрлігінде.

Қазіргі уақытта дене қызуы және ЖРВИ ауруымен 122 адам ауруханаға жатқызылған, олардың ішінде 1 б) санатында - 35 адам; 2-санатта - 42 адам; 3-санат бойынша - 45 адам. Ауруханаға жатқызылған 122 адамның 62-сі шығарылды. Ауруханада 60 адам қалды. 

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің шешімі бойынша бұл науқастар алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды.

"Эпидемияға қарсы барлық қажетті іс-шара, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекциялау іс-шаралары бар. Бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында", - деді ведомствода. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная