ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қараша 2023 | 10:38
Қазақстандағы қызылша ауруына қатысты жағдай: 30 бала ауыр халде
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қызылшамен ауырған 30 баланың жағдайы ауыр екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қызылшамен ауырған 30 баланың жағдайы ауыр екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Барлық облыста қызылша ауруы тіркелгені айтылды. Жоғары деңгей байқалған өңірлер:
- Шымкент – 3 мыңнан аса жағдай;
- Алматы және Жамбыл облысы – 2 мыңнан аса жағдай;
- Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау облыстарында – мыңнан аса жағдай.
Денсаулық сақтау министрі балалардың ұйымдасқан топтарға жиналуына байланысты 2023 жылдың қыркүйегінен бастап аурушаңдықтың күрт өсуі байқалғанын хабарлады.
"Нәтижесінде аурушаңдық екі есеге өсті. Қарашада 6 мыңнан аса қызылша жағдайы тіркелді. Бүгінде елімізде қызылшамен ауыратын науқастарға арналған 3,5 мыңнан аса төсек-орын орналастырылды. 2375 бала стационарлық ем алып жатыр, төсек-орындардың қамтылуы 60 пайыз болады. Төсек орындарының қоры 1093.
Төсек-орын қоры Жамбыл облысында – 92 пайыз, Алматыда – 88, Түркістан облысында – 81, Шымкентте – 79 пайыз толған. Ауруханаға жатқызылғандардың ішінде 30 бала ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, оның 15-і бір жасқа толмаған. Қайтыс болу жағдайы тіркелген жоқ", - деді министр үкімет отырысында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также