ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 05 қыркүйек 2024 11:16
Қазақстандағы мекемелерде шайпұл мен депозитке тыйым салынуы мүмкін
Қазақстанда мейрамханалардағы қызмет көрсетуге алатын пайыздарды алып тастау қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазақстанда мейрамханалардағы қызмет көрсетуге алатын пайыздарды алып тастау қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Сенат кулуарында хабарлады.
"Қызмет көрсету шарты жазылған құжат бар. Ал менің жеке ұстанымым - қазіргі таңда сол ережені өзгертуді жоспарлап отырмыз. Біз егер сізге қызмет көрсетіліп жатса, ешқандай қосымша ақы алынбауы керек деп есептейміз. Әрине барлық кәсіп иесі мұндай өзгерісті қолдауға дайын деп айта алмаймыз. Бірақ осындай өзгерістер болуы мүмкін. Ол шайпұл, депозиттерге қатысты", - дейді министр кулуарда.
Министр мейрамханалардың алдын ала депозит сұрауы заңды екенін айтады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу