Қазақстандағы мемлекеттік мекемелердегі пара сомасы аталды

Қазақстандағы мемлекеттік мекемелердегі пара сомасы аталды © Тұрар Қазанғапов

Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріндегі пара сомасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғамдық қор 9 мың респондентке қалалар мен аудан орталықтары деңгейінде сауалнама жүргізген.

"Бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық мәмілелеріндегі делдалдардың үлесі алты пайызға өсті, мұны респонденттер карантин кезенде мемлекеттік мекемелерден жеткіліксіз мәлімет алғанымен байланыстырды", - деді Transparency Kazakhstan ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян онлайн-брифингте.

Жарнама
Жарнама

Оның айтуынша, пара сомасы 1000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін болған. Ал былтыр ол сома 500 - 500 000 теңге аралығында болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама