12 тамыз 2024 | 16:44

Қазақстандағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің шығындары тексерілді

Фото ©️ Tengrinews.kz

Назарбаев зияткерлік мектептері Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік аудитке қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев зияткерлік мектептері Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік аудитке қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылдың бірінші жартысында Жоғары аудиторлық палата "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының қызметіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Тексеріс нәтижесінде Қазақстан заңнамасын бұзу, ұрлау немесе мүлік жетіспеушілігі фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік аудит ДББҰ қызметінде анықтаған кемшіліктердің басым бөлігі рәсімдік сипатта және қаржы-шаруашылық пен ұйымдастырушылық жұмыстарына қатысты болып, мектептердегі оқу процесіне әсер етпейтіні атап өтілді. Аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата анықталған кемшіліктерді пысықтауды және жоюды тапсырды, - деп жазылған НЗМ-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Қаржылық бұзушылық ретінде көрсетілген 274,4 миллион теңге сома бухгалтерлік есептегі қателіктерге қатысты және аудит барысында түзетілді.

Мемлекеттік аудиторлар 16,4 миллиард теңгені, оның ішінде тиімсіз жоспарлаудың салдарынан пайда болған 8,3 миллиард теңгені игерілмеген қаражат деп таныды. Бұл қаржы пандемия кезінде еліміздің педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстарының, олимпиадалардың, ғылыми жарыстардың және басқа да іс-шаралардың, сондай-ақ оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерінің онлайн форматқа ауысуына байланысты үнемделді, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, мемлекеттік аудит барысында НЗМ өткізген сатып алулар бойынша 10,5 миллиард теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

"Бұл заң бұзушылықтар рәсімдік сипатта болып, сатып алулар нәтижесіне әсер етпеген. Мысалы, аталған соманың басым бөлігі конкурстағы жағдаймен байланысты, онда әлеуетті жеткізуші нотариустың тіркеу нөмірінсіз нотариалды куәландырылған құжаттарды ұсынған. Алайда нотариустың тіркеу нөмірі бірыңғай электронды базада тіркелген және құжаттың шынайылығы расталды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар банк шоттарындағы қалдықтар (27 миллиард теңгеден 55 миллард теңгеге дейін) ақылы қызметтерден, демеушілік және қайырымдылық көмектерден, сондай-ақ шығындарды үнемдеуден жиналады. Бұл теңгерімдерді Қамқоршылық кеңес Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бюджетін бекіту кезінде ескереді.

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ өз қызметін Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. ДББҰ-ның қаржыландыру тәртібі Бюджет кодексімен реттеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Бүгін - Абай күні